Астанадағы «Атамекен» алаңында жас жұбайлар некесі қиылды

None
None
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін «Атамекен» алаңында 35 жұптың некесі салтанатты түрде қиылып, елордалық отбасылардың саны 35 адамға толыға түсті.

Астана күні мерекесіне арналған неке қию салтанатты рәсіміне 4 автобуспен жеткен жас жұбайлар бір-бір бүлдіршінді жетектеп, «Атамекен» алаңындағы арнайы әзірленген алаңға жиналды. Осы жерде оларды заңды некеге отыруларымен құттықтаған АХАЖ мамандары мемлекеттік неке қию куәліктерін тапсыруды бүлдіршіндерге берді.

Осыдан кейін сөз алған Астана қалалық әділет департаментінің бастығы Ерболат Балғабаев, «сіздерді келе жатқан Астана күнімен және осы мереке қарсаңында жиналған жас жұбайларды салтанатты неке қию күнімен шын жүректен құттықтаймын. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген сөз бар. Сіздер бүгін мемлекеттің кіші үлгісі - отбасын құрып, отауын тіктіңіздер. Құрылған жас отауларыңыз Отанымыз Қазақстан секілді бай-қуатты, іші тату, сырты қауіпсіз, өмірі бейбіт, бақытты болуларына шын жүректен тілектеспін. Үйлену тек неке қию ғана емес, ол маңызды әлеуметтік оқиға, ол - екі жастық бір-біріне тағдырын сеніп тапсыруы. Сіздердің сезімдеріңіз мәңгілік жас, жүректеріңіз егіз, тілектеріңіз бір, жұптарыңыз жазылмасын», деді.

Шара соңында «Думан» сауда ойын-сауық орталығында жас жұбайларға шашу шашылып, арнайы торт кесу салтанаты өтті.

Осыдан екі жыл бұрын Астана тұрғындарының отансүйгіштігін арттыру, олардың бойына өз қаласына деген сүйіспеншілікті дарыту әрі шаңырақ көтерген күндерін ұмытылмас оқиғаға айналдыру мақсатында ұйымдастырылған бұл неке қию рәсімі елорда мерекесінің қызықты жобаларының біріне айналып отыр.

Соңғы жаңалықтар