Астанадағы «Артем» сауда үйінің қасындағы оқиға туралы жалған ақпаратты таратушы 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды
2015 жылғы 4 тамыз 17:10

Астанадағы «Артем» сауда үйінің қасындағы оқиға туралы жалған ақпаратты таратушы 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы «Артем» сауда үйінің қасында орын алған оқиға туралы жалған ақпаратты таратушы 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды елордалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«2015 жылғы 4 тамызда Астана қаласындағы Алматы ауданының № 2 соты азамат Төлеуовті 2015 жылдың 16 маусымында «Артем» СҮ-де орын алған оқиғаларға қатысты көрінеу жалған ақпаратты тарату фактісімен айыптау бойынша бұған дейін жіберілген істі қарады», - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша Төлеуов ҚР ҚК-нің 274 бабының 2 бөліміндегі 3 тармақшасымен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған 2 жыл, 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT