Астанадағы арнайы экономикалық аймақта респиратор шығаратын зауыт ашылмақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы аумағында респиратор шығаратын зауытты іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов «MFA Maske» түрік компаниясының басқарма төрағасы Фатих Фуртунмен кездесті. Кездесу барысында тараптар FFP2 және FFP3 санатты респираторлар өндірісі бойынша жобаны іске асыру жайын талқылады. Жаңа кәсіпорын «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталып, жобаны ағымдағы жылдың қазан айында іске қосу жоспарланып отыр», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.






Фото : gov.kz

Соңғы жаңалықтар