Астанадағы «Арман» дүкенінде өрт шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Арман» дүкенінде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтемемен.

«12 қараша күні 13:02-де өртке қарсы қызмет пультіне Астана қаласы Қарасай батыр көшесіндегі «Сабындыкөл» (бұрынғы «Арман») дүкенінің өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Дүкеннің бірінші қабатында 100 шаршы метрге жуық аумақта орналасқан дүңгіршектер отқа оранды. Өртті сөндіру барысында бір әйел құтқарылды», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Өртті сөндіруге Астана қаласының Ішкі істер департаментінің жеке құрамынан 26 адам, 6 техника және Орталық өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағынан 4 қызметкер мен бір техника жұмылдырылды.

Тілсіз жау 13:34-те тоқтатылған және 13:41-де толық сөндірілген. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар