Астанадағы «Арқар» көпірі өртенді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Арқар» көпірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 16:27-де ведомствоның өрт сөндіру бөлімшесі шақырту бойынша оқиға орнына аттанған.

«Оқиға орнына келгеннен кейін Сарайшық көшесі бойындағы «Арқар» көпірінің тірек бағанындағы электр кабелінің жанып жатқаны анықталды», - деп атап өтеді ведомстводан.

Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті қызметкерлері және электр мамандары жұмыс істеп жатыр.



Соңғы жаңалықтар