Астанадағы аламан бәйге мәресіне жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың 25 жылдығы арналған республикалық ат бәйгесі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазанат» атшабарында 100-ге тарта таңдаулы жүйрік жеті шақырымдық «құнан» бәйге мен «жорға» жарысында, 15 шақырымдық «топ» бәйге және 22 шақырымдық «аламан» бойынша бақ сынады.


Жүлде қоры 30 млн теңге болған бәйгенің қорытындысы бойынша құнан бәйгенің жүлдесі мына сәйгүліктерге бұйырды:

1 орын – Алматы облысының шабандозы Абзал Тұрғанбек тізгіндеген Шұғылаға 2 орын – астаналы Амангелді Хамза мінген Сиэтлге 3 орын – Алматы облысының тағы бір шабандозы Ділнұр Нұрмұқаш мінген Желкүреңге бұйырды.


Жорға (15 шақырым):

1 орын – ШҚО, Сұңқар Қасымханов (Латиф)

2 орын – Астана, Әлия Асқарова (Мамыр айы)

3 орын – абай облысы, Штихлинг Эдуард (Яросик)

4 орын – ШҚО, Мәди Еркебұлан (Салкүрең)


«Аламан» бәйге (22 шақырым):

1 орын – Алматы облысы Ділнұр Нұрмұқаш (Хан)

2 орын – Атырау обылсы, Әбдірахман Боранбай (Бақкүрең)

3 орын – Жетісу облысы, Асылжан Төлегенов (Волчок)

4 орын – Астана, Аңсар Арыстанбек из (Қасқара)

5 орын – Түркістан облысы Арнұр Саматұлы (Ботагөз).

Жарыстың жүлде қоры 30 млн теңге болды.


Соңғы жаңалықтар