Астанадағы «ақылды аудан» қандай болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы "Жастар" ауданында барлық инновациялық теxнологиялар енгізілетін болады. Негізгі мақсат - тұрғындар үшін барынша ыңғайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау. Осы тәжірибенің негізінде "ақылды қаланың" стандарттары әзірленіп, барлық аудандарға таратылатын болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Astana Innovation" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаевтың айтуынша, ілкі жобаны қолға алғанға дейін аудан тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді. Соның негізінде тұрмыста өзекті деген проблемалар анықталды. Осыдан кейін бірқатар теxнологияларды енгізу шаралары басталды.

"Жалпы, 31 теxнологияны енгізу жоспарланған. Бұның барлығы жекеменшік инвестициялардың есебінен жасалады. Мәселен, су, газ және жарықты есептеуіш құралдарының барлық мәліметтерін радиобайланыс арқылы жіберу бастамасы бар. Бұл дегеніміз, бақылаушыларға әрбір пәтерге барып, есептеуіш құралдарын тексерудің қажеті жоқ. Бүкіл мәліметтер автоматты түрде түсіп тұрады. Ескі есептеуіш құралдарын ауыстырмай-ақ, арнайы датчиктерді де қоюға болады. Сол датчиктер ақпаратты жіберіп отырады. Оны отандық мамандар ұсынды", - деді О.Сартаев бүгін өткен Халықаралық сәулетшілер конгресінде.

Оның айтуынша, "ақылды домофон" жобасы аясында пәтер иесі домофонды басқан адамды бейнебайланыс арқылы өз смартфонынан көре алады. Ал "қауіпсіз қала" бойынша барлық бейнекамераларды бірыңғай жүйеге қосу жоспарланған.

"Ақылды жолаушылар жолағы" деген бастама да бар. Қараңғы кезде, я болмаса, тұман болғанда лазерлік жарық жолаушының өтіп бара жатқанын көрсетіп тұрады. Бұдан бөлек, күл-қоқысты бөліп қабылдау бекеттері болады. Ал фин теxнологиясы негізінде даладағы ауа температурасына қарай үйдегі жылуды реттеп отыруға мүмкіндік бар. Ол үшін іште және сыртта арнайы датчиктер орнатылады" , - деп атап көрсетті О.Сартаев.

Соңғы жаңалықтар