Астанадағы 6 мектепке қазақтың біртуар тұлғаларының есімі беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтандағы 6 мектепке ұлтымыздың біртуар белгілі тұлғаларының есімі берілмек. Үкімет басшысының тиісті қаулысы «Ашық» НҚА сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«№ 1 мектеп-лицейіне – Талғат Бигелдиновтің, ал № 88 мектеп-лицейге – Қадыр Мырза Әлінің, № 70 мектеп-лицейге – Темірбек Жүргеновтің, № 92 мектеп-лицейге – Ақжан әл-Машанидің, № 65 мектеп-гимназиясына – Мағжан Жұмабаевтың, № 1 өнер мектебіне – Тәттімбеттің есімі берілсін», - делінген Үкімет қаулысында.

Қаулы бүгінен бастап күшіне енеді.

Айта кетсек, елордадағы 30-дан астам көше мен 3 аллеяға танымал қазақ тұлғаларының есімі берілуі мүмкін. Бұл туралы қалалық мәслихаттың қаулысы ашық талқыға шығарылды.


Соңғы жаңалықтар