Астанадағы №2 облыстық аурухана карантинге жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы №2 көпсалалы облыстық аурухана карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Манас көшесінде орналасқан №2 көпсалалы облыстық аурухана карантинге жабылды. Бір-бірімен қарым-қатынаста болған барлық тұлғалар карантинге жіберілді. Ғимарат ішіне түгел дезинфекция жасалды. Науқастарға келуге тыйым салынды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен.

Бұған дейін №1 автобус паркі карантинге жабылғанын хабарлаған болатынбыз. Автопарктың барлық аумағына, автобустарға дезинфекция жүргізілді. Бір-бірімен байланысқа түскен адамдар стационарға жатқызылды.

Айта кетейік, 28 наурыз сағат 00.00-ден бастап халық көп жиналатын орындар - саябақтар, скверлер, жағалаулар, ойын алаңдары және т.б. жабылады.

Қоғамдық орындарда 3 адамнан артық (отбасы мүшелерінен басқа) топтасып жиналуға тыйым салынады.

Сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз қалада жүруіне тыйым салынады.

Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу, медициналық қызмет алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектеледі.

Осы уақытқа дейін елордаға кіру және шығу бойынша қатаң режимді бұзған 60-тан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 46-сы қамауға алынды. Бұдан өзге, ТЖ режимін бұзғаны үшін 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылды.


Соңғы жаңалықтар