Астанада зорлық-зомбылық жасағаны үшін іздеуде жүрген Германия азаматы ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада зорлық-зомбылық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астана қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 1960 жылы туған Германия азаматын ұстады.

Қылмыскер Германияның ҚК 177-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.

Ол Астана Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар