Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 367.06 EUR 416.17
RUB 5.56 CNY 52.84
Jańalyqtar

Елордада жылына 24 мың тонна ет өңдейтін кешен салынады

2018 жылғы 8 қараша 00:41 410
Бөлісіңіз:
Елордада жылына 24 мың тонна ет өңдейтін кешен салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жылына 24 мың тонна ет өнімдерін өңдейтін кешен салынады. Ірі ауқымдағы жоба азық-түлік белдеуін күшейте түсуге, сондай-ақ, Қазақстанның мал шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.   

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-тан жеткізілетін үйрек етінен сальмонелла бактериясы табылды Түркістанда халық санының көбеюіне байланысты нанға сұраныс артты

Астанада инвестицияны мемлекеттік қолдау шеңберінде «Астана қ. жоғары технологиялық ет өңдейтін кешеннің толық циклі» инвестициялық жобасын іске асыру үшін елорда тарихында алғаш рет жер учаскесі түріндегі мемлекеттік табиғи грантты ұсынуға қатысты алғашқы инвестициялық келісім-шарт бекітілді.

Аталған жобаны іске асыру мақсатында Астанада заманауи, жоғары технологиялық ет өңдейтін кешен салынады. Бұл қаланың азық-түлік белдеуін нығайтуға, аймақтағы экологиялық таза және балғын ет өнімі өндірісі мен оны өңдеу көлемін ұлғайтуға, Қазақстанның мал шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жалпы жоба шеңберінде 80-нен астам жұмыс орнын құру жоспарланған. Жобаның болжамдық құны 3,6 млрд теңге; өндірістік қуаттылығы жылына 24 мың тонна ет және ет өнімдерін құрайды.

Жоба шеңберінде өндірістің толық циклін ұйымдастыру жоспарлануда - союдан бастап дайын өнімге дейін: ет деликатестері (қазы, шұжық, карбонад, филе, тауық еті, кесінділер, төс еті және басқа.); стейктер (Tenderloin steak, Rib eye roll steak, Striploinsteak, Top blade steak, Flank steak, Machete steak, Trytipsteak, Hanger steak, Topside steak және басқасы.); шұжық өнімдері (сүрленген, жартылай сүрленген, шикідей сүрленген, ысталған-пісірілген, пісірілген шұжық, сосиска және сардельки және басқасы.); консервіде жасалғандар («АНГУС» бұқтырылған еті», «Қарақұмық қосып бұқтырылған сиыр еті», «Туристің таңғы асы», «Күріш қосылған сиыр еті», «Бұқтырылған жылқы еті» және басқасы.);  жартылай фабрикаттар (котлет, гамбургер, тұшпараның 7 түрі, тефтель, голубцы, панировкадағы тауық қанаттары, варениктер және басқасы.).

Өндірісте еуропаның жетекші өндірістерінің жоғары технологиялық заманауи құрал-жабдықтары пайдаланылады. Атап айтқанда, бұл «BANSSAustria» (Австрия) - сою желісі, ірі қара мал, қой, жылқы және басқасы др., «Germany Freund» (Германия) - мал союға арналған құрал-жабдық және етті сүйегінен ажырататын цех және премиум класты ет өнімдері, «ROSERGROUP» - «OgalsaSpain» ет деликатесін өндіру, «Maschinenfabrik Seydelmann KG» (Германия) - европалық озық өндірушілердің машинасы және ет өнімдерін өңдеуге арналған құрылғы.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Азық-түлік, Құрылыс, Астана,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT