Астанада жылумен қамту жұмыстары қалай жүргізілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана-Теплотранзит» АҚ басшылығы Астананы жылумен қамтамасыз ету жұмыстарымен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда халқын жылумен қамтамасыз ететін «Астана-Теплотранзит» АҚ құрамында 10 сорғы  станциясы бар, оның ішінде үшеуі автоматтық режімде жұмыс істейтін заманауи жылу беруші кәсіпорын.

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтар бойынша қызмет көрсетілетін жылу желілерінің жалпы ұзындығы 760 шақырым трассаны құрады. Сонымен қоса, Астана қаласының сол жағалау бөлігіне жылу магистралі нысандарын пайдалануға енгізуге тапсырумен байланысты тағы 63 шақырымға артты. Одан бөлек, кәсіпорында ірі өлшемді бекітуші арматураларды жөндеу, қалыпты бұйымдарды әзірлеу және оқшаулау жұмыстарын орындау  бойынша заманауи жабдықтармен жабдықталған  өндірістік цехтар бар. 

«Бүгінгі күні «Астана-Теплотранзит» 2015-2019 жылдарға «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда. 2017 жылы бағдарламаны іске асыруға 7 млн 555 мың 284 теңге  игерілді. Аталған қаражатқа жаңадан құбырлар салынумен қоса, № 13,14 сорғы станциялары көтерілді. Және біз жылудың ысырап болуыменде күресудеміз, осы жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 13% жылу ысырабын азайту жүзеге асырылды», - деді «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Сергей Голев.null 

Сонымен қатар, «Астана-Теплотранзит» басшысы жаңа технологияларды қолданумен ұсынылатын қызметтер сапасына да тоқталды.  

«2017 жылы «Астана-Теплотранзит» АҚ Астана қаласының тұтынушыларына ұсынылатын қызметтердің сапасын жоғарлату мақсатында техникалық кеңседе жөндеу жүргізілді, құжаттарды қабылдау және өңдеу мен қызмет көрсетудің кедергісіз қағидаты қарастырылды. Күту үшін қосымша орындар қарастырылып, электрондық кезек терминалы орнатылды, қолжетімді жерлерде  қызметтерді алу тәртібі туралы көрнекті ақпараттық стендтер орналастырылып және де мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін пандус орнатылды»,-деді ол.

Оның айтуынша кәсіпорында өткен жыл бойынша технологиялық бұзушылықтар (апаттар, І, ІІ дәрежедегі бас тартулар) тіркелмеген. Ұсынылатын қызметтің сапасына қатысты ешқандай шағым болмағанын да айтты.

Үстіміздегі жыл бойынша кәсіпорынның Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті бекіткен Астана қаласы бойынша жылу энергиясын беру және таратуға тарифті 1 204,49 теңге/Гкал-дан  1 131,39 теңге/Гкал-ға төмендету келісілді. 

«2018 жылы кәсіпорын 1 322 953 мың теңге сомада инвестициялық бағдарламаны игеруді жоспарлап отыр. Инвестицялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде жылу желілерін қайта жаңарту,  сондай-ақ қаланы жылумен жабдықтау нысандарын күтіп ұстау үшін қажетті жабдықтар мен арнайы механизмдерді сатып алу бойынша іс-шаралар көзделген.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2018 жылға арналған инвестициялар сомасы 2 928 426 мың теңгені құрайды. Оның ішінде күрделі жөндеу жүргізуге 200 млн.теңге жіберіледі», - деді Сергей Голев.

Соңғы жаңалықтар