Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

Астанада жылу мен жарық бағасы арзандады

2018 жылғы 8 қараша 10:33 823
Бөлісіңіз:
Астанада жылу мен жарық бағасы арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана прокуратурасы «Астана-Энергия» АҚ, «Астана-РЭК» АҚ және «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС монополистерінің жылу және электрмен қамтамасыз ету тарифтеріне тексеру жүргізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді Шардара ауданы 100 пайыз газбен қамтылады

«Аталған компаниялардың табиғи монополиялар саласында бірқатар заңнаманы бұзғаны анықталды. Сондай-ақ, бюджет қаржысын жөнсіз пайдаланған және инвестициялық бағдарламаларды орындамаған», - делінген хабарламада.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС антимонополиялық органмен 1 кВт/сағатты 11,8 теңгеге жүзеге асыратын болып келіскен. Іс жүзінде екі есе арзан бағаға сатып алған. Сондай-ақ, шығындар сметасын уәкілетті орган бекіткен соманың 5% -нан астамын орындамаған.

«Астана-Энергия» АҚ 2017 жылы 474 млн теңгеге шығындар бабын орындамаған. Аталған сома тұтынушыларға өтемақы ретінде берілуі тиіс.

Прокуратураның үш монополиске шығарған актісінің қорытындысы бойынша, 1,2 млрд теңге сомасында электр және жылу бағаларын төмендететін уақытша өтемдік тариф енгізілді.

Қазіргі таңда жылу тарифтері Гкалына 3016,52 теңгеден 2842,99 теңгеге және электр жарығы кВт/сағатына 14,59 теңгеден 13,89 теңгеге төмендеді. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT