+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Астанада журналистердің бейбіт жиналыстарда қызмет ету қағидалары талқылануда

2020 жылғы 11 маусым 10:25
Бөлісіңіз:
Астанада журналистердің бейбіт жиналыстарда қызмет ету қағидалары талқылануда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БАҚ басшыларымен, бас редакторлармен онлайн-кездесу өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен өткізіліп жатқан онлайн-кездесуге БАҚ басшылары, түрлі мемлекеттік және аймақтық БАҚ құралдарының бас редакторлары мен азаматтық қоғам өкілдері, министрліктің қызметкерлері де қатысуда.

«Бүгін бейбіт жиналыстар кезіндегі журналистердің жұмысын талқылаймыз. Сөз жоқ, бұл мәселе қазіргі таңда өте өзекті. Бүгін конструктивті диалог боларына сенеміз», - деді Аида Балаева онлайн кездесу барысында.

Министр 2020 жылдың 25 мамырында Мемлекет басшысы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу туралы заңға қол қойғанын еске салды.

«Бұл заңнаманың жаңашылдығы – бейбіт жиналыстар кезіндегі журналистердің жұмысы. Бұл жерде қандай да бір шектеу туралы сөз қозғалып отырған жоқ. Ең бірінші кезекте журналистердің жұмысына жайлы жағдай жасау керек. Сонымен қатар ережелерді даярлау барысында біз UNESCO-ның кеңестеріне құлақ астық», - деді Аида Балаева.

Аида Балаева қағидалардың негізгі ережелеріне назар аударуға шақырды.

«Біріншіден журналистің кәсіби қызметін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар баспасөз орталықтарына арналған орындарды қамтамасыз етеді. Аталған баспасөз орталықтары келесі жағдайларда ұйымдастырылатынын атап өткен жөн. Бірінші - бейбіт жиналысқа қатысушылардың саны 200 адамнан асқан жағдайда. Екінші – БАҚ-тың жергілікті атқарушы органдарға жасаған сұрауы бойынша. Дегенмен журналистердің өз қызметін атқаруы – тек осы баспасөз орталығымен шектеліп қалмайды», - деді министр.

Ол сонымен қатар жедел баспасөз орталықтарына бірыңғай талап қойылатынын атап өтті.

«Мәселен олар тиісті материалдық-техникалық жабдықтарды, электрмен қолжетімділікті, ақпаратты бере алатындай жағдайды, шектеуші ленталарды, фото немесе видеотүсірілім жүргізе алатындай жағдайды қамтамасыз етуі керек. Журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мұндай орындарда ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғызу ұсынылады», - деді ол.

Министр сонымен бірге БАҚ пен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылының тәртібі енгізілетінін айтып өтті.

«Жергілікті атқарушы орган өз өкілінің бейбіт жиналысқа қатысуын қамтамасыз етеді. Өкілдің қызметі – журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды түсіндіру. Журналистерге бейбіт жиналыстың қатысушылары мен ұйымдастырушыларынан сұхбат алуға жәрдемдесу. Қажет болған жағдайда бейбіт жиналыста көтерілген мәселелер бойынша жүктеме алу үшін мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларымен байланыс деректерін ұсыну», - деді ол.

Аида Балаева журналистердің айырым белгілерін таңдау – БАҚ-тың өзінде қалатынын айтады.

«Яғни қағидада ұсынылған бір немесе бірнеше ерекшелік белгілерін пайдалануға болады. Бұл кеудеше, жеңгетаңғыш, жеңіл жейде немесе арқаға жапсырма болуы мүмкін», - деді Аида Балаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT