Астанада жұмыспен қамту орталығы 150-ден астам ұйыммен ниет хаттамасын жасасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Халықта жұмыспен қамту орталығы 150-ден астам ұйыммен ниет хаттамасын жасасты, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

«Елордадағы қауіпсіздік және жайлылық» жобасы бойынша кешенді жоспары аясында халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіледі. Жобаны ҚР Бас прокуратурасы және Астана қаласының әкімдігі бекітті.

Осыған байланысты Астананың Халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің саны 50 адамнан асатын 150-ден астам ұйыммен ниет хаттамасын жасасты. Бүгінгі күнде 947 ұйымның ішінен 518-і квотаны орындау туралы хабарлама алды. 

Еске салайық, жаңа ережеге сәйкес, елордалық жұмыс берушілерге қызметкерлер санына байланысты мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жұмыс орындарына квота, пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмай ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квоталар бекітілген. 

Айта кетейік, жыл басынан бері Астананың Халықты жұмыспен қамту орталығымен мүмкіндігі шектеулі 20 адам жұмысқа орналастырылды және тағы 126-сы қоғамдық жұмысқа жіберілді.

Соңғы жаңалықтар