Астанада жүлде қоры 100 мың доллар болатын ҚР Президенті Кубогына теннис турнирі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 шілде мен 2 тамыз аралығында Ұлттық теннис орталығында үлкен теннистен Challenger ATP және ITF Womens сериялары бойынша «Президент Кубогы-2015» 23-ші халықаралық турнирі өтеді.

Бұл Қазақстандағы кәсіби тенниспен айналысатын ерлер мен әйелдерге арналған ең беделді теннис турнирлерінің бірі. Ол елімізде 1991 жылдан бері өткізіліп келеді.

Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараевтың айтуынша, турнирдің ерлер арасындағы жүлде қоры 75 мың долларды, ал әйелдер арасындағы сайыстың жүлде қоры 25 мың долларды құрайды. Жалпы жүлде қоры 100 мың доллар. «Турнирге 20 шақты елден келген спортшылар қатысады. Бізге Франциядан, Англиядан, АҚШ-тан мықты теннисшілер келді. Әрине, турнирге қатысушылар рейтинг жинай алады. Мұнда әлемдік ұпайлар беріледі, ерлерге АТР ұпайлар, әйелдерге - WTA ұпайлары», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар