Астанада жөндеуге байланысты үш көшеде жол жабылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада тағы үш көшеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ардагерлер көшесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселуде. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде жол қозғалысы шектелген.

Сондай-ақ Таскескен көшесінің Обаған көшесінен С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскесінде орташа жөндеу басталды. Мұнда қозғалыс 22-25 мамыр аралығында жабылады.
Бекетай көшесінде Н.Тілендиев даңғылынан А. Затаевич көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жүргізіледі. Көлік қозғалысы 22-23 мамыр аралығында толығымен шектеледі.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн», - делінген әкімдік сайтында.


Соңғы жаңалықтар