Астанада жолды кесіп өткен қызды автобус қағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың сол жағалауында автобус  жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. Жол-көлік оқиғасы 2 ақпанда сағат 20:00-де болған.

«Мәңгілік ел даңғылы мен Алматы көшесінің қиылысында Министрлер үйіне қарай сағатына 30 шақырымдық жылдамдықпен келе жатқан автобус бағдаршамға қарамай  көліктердің арасымен жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен»,-деп хабарлады агенттік тілшісіне «Астана LRT» қоғаммен байланыс жөнінідегі департаментінің  директоры Науат Азанбаева.

Зардап шеккен 1996 жылы туған қыз қалалық №2 ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.  

Соңғы жаңалықтар