Астанада жолаушылар автобусындағы кондуктор әйелді соққыға жыққандар ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полицейлер жолаушылар автобусының ішіндегі кондукторды ұрып-соққан екі ер адамды ұстады.

«Автобусқа алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде отырған олар кондукторды балағаттап, одан кейін оны соққыға жыққан. Бұзақыларды жол-патрульдік полиция қызметкерлері ұстады. Жүргізілген шаралар барысында ұсталған 30 және 32 жастағы ер адамдардың Ақмола облысының тумалары болып шыққаны, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды», - деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Қазіргі кезде олар уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар