Астанада жолаушылар автобусынан өрт шықты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі елордада көше ортасында өрт шыққан автобусқа қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27 шілде күні сағат 14.45-те өрт сөндіру бөлімшелері Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Түркістан көшесінде жанып жатқан автобус туралы түскен хабарлама бойынша шақыртуға шықты.

Оқиға орнына жеткен бойда маршруттық автобустың қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды.

Өрт 14.58-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 5 адам мен 1 техника жұмылдырылды», - делінген ұсынылған хабарламада.


Соңғы жаңалықтар