Астанада жолаушылар автобусы өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада №13 бағыттағы жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

"21 наурыз күні сағат 16:25-те Астана қаласының ТЖД "101" пультіне 188 көшедегі №10 емхана маңында №13 бағыттағы жолаушылар автобусының өртенуі туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына барған өрт бөлімшелері өртті 16:37-де тоқтатып, 16:39-да толық сөндірді. Одан ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Тілсіз жауды сөндіруге астаналық ТЖД 6 қызметкері мен 1 техникасы жіберілген.

null null

Соңғы жаңалықтар