Астанада жолаушылар автобусы аялдамаға барып соғылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада қоғамдық көліктердің бірі аялдама павильонына соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Астана LRT» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылдың 5 ақпанында қалалық бағдардағы автобус жүргізушісі Қосшығұлұлы көшесіндегі аялдама орнына жақындай бере көлікті басқара алмай, жабық типтегі аялдама павильонына соғылды», - делінген компанияның хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына жердің тайғақтығы себеп болған.null

«Астана LRT» компаниясынан хабарланғандай, жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы зардап шеккен. Ол №2 қалалық ауруханаға жеткізілген. Алдын ала ақпарат бойынша, жолаушы жеңіл жарақат алған.

Фото: elorda.info

Соңғы жаңалықтар