Астанада жолақының қымбаттауы: Сатылатын электронды карталардың саны артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» компаниясы қосымша 500 мың электронды төлем карталарын сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сараланған тарифтің енгізілуімен көліктік карталарды сатып алушылар санының артатыны күтілуде. Барлық жолаушыларға жеткілікті болуы үшін қосымша 500 мың көліктік карталарды сатып алдық», - деді компанияның баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.

Еске сала кетейік, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев жеңілдік берілген санатқа жататын азаматтар үшін көліктік карталарды сатып алу мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартты.  

Бұдан бұрын хабарланғандай, сатып алушылардың көбеюіне байланысты Астана кондукторлары көліктік карталарды автобустардың ішінде сататын болады.

Бүгінде Астанада автобуспен жүру құнын көтеру мәселесі қаралып жатыр. Атап айтқанда, «Astra Plat» электронды төлем картасы бойынша жолақы бағасын - 120 теңгеге, ал қолма-қол ақшамен 170-200 теңгеге арттыру жоспарланған.

Бұл қызмет сапасын арттыру, көлеңкелі айналымды төмендету, автобустарды күту уақытын азайту және автобустар паркін жаңарту үшін жасалуда. 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар