Астанада жол шетіндегі дәмханасы бұзылған адам өзін-өзі атып тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жол шетіндегі дәмханасы бұзылған адам өзін-өзі атып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеше Астанада Қарағанды және Павлодар күре жолдарының арасындағы айналма жолда заңсыз салынған дәмхананы соттың шешімімен бұзу кезінде, мекеменің иесі өзін-өзі атып өлтірді», - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз хатшысы Алмас Садубаев.

ІІМ өкілі қазір оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатқанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар