Астанада жол-көлік инфрақұрылымына қажетті 1 мың жер учаскесі сатып алынбақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жол-көлік инфрақұрылымына қажетті жер учаскелерін сатып алуға 18 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында елорданың 2019-2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспарына орай баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көліктік инфрақұрылым мәселелері бойынша кешенді жоспар аясында жалпы ұзындығы 200 шақырым болатын 102 жобаны іске асыру және осы мақсаттарға 1000-ға жуық жер учаскесін алу жоспарлануда. Республикалық бюджеттен қажет қаржы  2023 жылға дейін  276 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 2019 жылға 70,4 млрд теңге қажет. Оның ішінде құрылыстық-монтаждық жұмыстарға 52,4 млрд теңге, жер учаскелерін сатып алуға 18,0 млрд теңге көзделген», - деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар оның айтуынша, Астана қаласының №1 индустриалды паркі бойынша министрлік жобалық-сметалық құжаттаманың және мемлекеттік сараптаманың қорытындысы болған жағдайда қаржыландыру мәселесін қолдайды. Қолда бар құжаттамаларды есепке ала отырып, өтініш берілген 3,7 млрд  теңгенің 700 млн теңгесі қолдау тапты.

«№2 индустриалды парк бойынша жалпы сомасы 143,7 млрд теңгені құрайды. Кешенді жоспар аясында 2019-2023 жылдарға 20,7 млрд теңге қаржы көзделген. Қазіргі уақытта Астана қаласының әкімдігі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуде», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар