+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Астанада жол апатынан 5 автокөлік зардап шекті

2021 жылғы 27 қыркүйек 21:18
Бөлісіңіз:
Астанада жол апатынан 5 автокөлік зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «BMW» маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі тізгінді басқара алмай, тұрақта тұрған көліктерге соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бес адамның өмірін қиған жол апаты: Оқиға орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды Степногор маңында көлік аударылып, 36 жастағы әйел көз жұмды Талдықорғанда 24 жастағы жүргізуші электр бағанына соғылып мерт болды

«27 қыркүйек күні сағат 05:35 шамасында «BMW» маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі Конституция көшесімен 18/1 үйге қарама-қарсы жүріп келе жатып, рульді басқара алмай қалған. Сөйтіп «Renault» маркалы тұраққа қойылған автокөлікке соқтығысып, одан әрі инерциямен «Hyundai», «Volkswagen» және «Toyota» автокөліктері механикалық зақым алды», - делінген ведомство хабарламасында.


Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша «BMW» жүргізушісіне қатысты 610-бап 1-тармақ бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция департаменті жүргізушілерден жолда өте мұқият болуды және жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT