Астанада жол апатын жасаған Lexus көлігі оқиға орнынан бой тасалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Б.Момышұлы даңғылындағы «Жерұйық» паркі маңыңда жол-көлік апаты орын алды.

Апатты жасаған Lexus көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалады.

Б.Момышұлы даңғылында Lada 2110 және Ford Focus автокөліктері соқтығысып, зардап шеккен жүргізушілердің біріне медициналық көмек көрсетілуде. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік апатына жолда  жүру ережесін бұзған Lexus автомашинасы себеп болған және оның жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

Зардап шеккендердің денсаулық жағдайын дәрігерлер анықтауда, қаза тапқандар жоқ. 

null null       null null  null 

Фото: Абуова К.А

Соңғы жаңалықтар