Астанада жоғалып кеткен үш баланың ата-анасы табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері 12 сәуір күні  жоғалып кеткен үш баланың ата-анасы Исраилжан Идминов пен Гүлхан Терлікбаеваны тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі Астана Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

«Жедел іздестіру шараларының арқасында жоғалған адамдардың қайда жүргені анықталды. Қазір ата-аналар аумақтық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Қазір олардың жоғалу себептері нақтыланып жатыр», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицейлер ата-аналарға қатысты заңғы қайшы ешқандай іс-әрекеттердің жасалмағанын анықтады. Өздерінің түсіндіруінше, олар букмекерлік және компьютерлік клубтарды аралап жүрген.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада тал түсте үш баланың ата-анасы - 32 жастағы Исраилжан Идминов пен Гүлхан Терлікбаева жоғалып кеткен болатын. 12 сәуір күні сағат 14.00-де балалардың анасы үйінен шығып, ортаншы қызын «Айгөлек» дамыту орталығына апарған, содан бері олардан хабар болмаған. Үйдің отағасы да дәл сол күні сағат 11.00-де із-түзсіз кеткен.

Соңғы жаңалықтар