Астанада «Жібек жолы экономикалық белдеу» атты Қытай суретшілерінің көрмесі өтіп жатыр

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Астанадағы ҚР ҚК Әскери -тарихи музейінде «Жібек жолы экономикалық белдеу» атты қытайлық суретшілердің көрмесі өтіп жатыр.

Көрмеге Қытай мемлекетінің танымал суретшілері Гуань Хончэнь мен Шао Пудың суреттері қойылған. «Көрменің мақсаты - екі елдің мәдени байланыстарын нығайту, суретшілердің  өзара тәжірибе алмасуына мұрындық болу. Өткен жылдары Қытайда Қазақстандық суретшілердің көрмесін өткізгенбіз», дейді шараны ұйымдастырушы «Мұрат жолы» мәдениет қоғамдық бірлестігінің төрағасы Думан Аманұлы.Осы шара барысында өзге де бірнеше қылқалам шеберлерінің пікірін білген едік.

 null 

Астана Суретшілер одағының төрағасы Ермеков Тохтар: «Қытайдың әлемге әйгілі екі суретшісі келіпті. Біздің суретшілеріміз де Қытайға жиі барып, көрмелерін өткізіп  тұрады. Қытайлық суретшілердің сурет салу стилі, көзқарасы, берілуі  мүлде басқаша.  Бұл суретшілердің майталман шеберлер екені көрініп тұр. Оларда суретшілер әр салаға бөлінеді екен, бір суретшілер тек қана гүлді салады, тағы біреулері тек жылқының, жан- жануардың суретін салады. Ал біз әмбебаппыз, барлығын сала береміз, мүмкін содан да болар, бір саланың нағыз тереңдігіне жете алмаймыз. Естуімізше, Қытай елінде 15 миллиондай суретші бар екен. Біздің суретшілердің саны небәрі 1000-нан астам. Ол жақта мемлекет тарапынан да суретшілерге қолдау көп, сонымен бірге суреттерінің базардағы бағасы да құнды. Сондықтан да біздің суретшілердің жағдайы қытайлық суретшілермен салыстырғанда өте төмен. Жеке шығармашылығын дамытудың орнына әр жерде оқушыларға сабақ беріп, күн көруге мәжбүр.  Жеке суреттер салып, табысқа жеткен суретшілер санаулы ғана.

null  

Шао Пу қытайлық суретші: Қазақстандық суретшілер реализм бағыты бойынша дамып келеді. Бұл дәстүрлі бағыт болып саналады. Осы бағытқа барынша басымдылық берілетіндігі сезіледі. Қазақстанның музейлерінде болдым. Сондағы суретшілердің  жұмыстарынан қазақтың салт-дәстүрін, этнографиясын, сонымен бірге 21 ғасырдың аясындағы бүгінгі өмірдің ажарын бейнелеуде үлкен ізденістер бар екендігін  байқауға болады. Бұның бәрі Қазақстанның дәстүрлі мәдениетінің жалғасы,  сонымен бірге әлемдік деңгейдегі жаңа стильдерге бағыт алу деп білемін.

Қытайда  үлкен шығармашылық кеңістік, шығармашылық мүмкіндіктер мол. Елімізде орта есеппен 15 миллионнан астам суретшілер бар. Нақты Суретшілер одағына тіркелгендері 10 мыңнан жоғары.  Қазір Қытайдағы суретшілері үлкен дағдарыс кезеңінде тұр. Суретшілеріміздің бір тобы дәстүрлі жолдан бөлініп, өз алдына бөлек соқпақ іздеуде. Сол арқылы еліміздегі және әлемдік нарыққа шығудың жолдарын қарастырып  жатыр.

null  

 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші Камиль Муллашев: Қытайда  бірнеше рет жеке сурет көрмемді өткіздім. Көптеген халықаралық көрмелерге қатыстым. Қытай үлкен ел, олардың суреттерінің ерекшелігі - Го хуа деген дәстүрлі әдісін ұстанады. Олардың мектебінің біліктілігі жоғары. Суретшілерге еркіндік берілген. Бейжіңде арнайы суретшілер қалашығы бар екенін  байқадым, онда жүздеген галереялар бар. Сондай-ақ әртүрлі стильге еркіндік берілген. Көптеген музейлері, көрме залдары ұдайы ашық тұрады. Біз де нарықтық жолмен алға жылжып келеміз.  Әр суретші өз мүмкіндігі мен қолөнерінің шеберлігіне қарай нарыққа шығуда. Майлы бояумен сурет салуда қазақстандық суретшілердің деңгейі жоғары. 

null null null null  

Соңғы жаңалықтар