Астанада жезөкшелікке жол берген сауна қожайындары жазаланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полицейлері «STOP трафик» жедел алдын алу шарасын өткізді. Аталмыш шара адам саудасына байланысты қылмыстардан ескерту, ол қылмыстардың жолын кесу және ашу мақсатында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастырып, ұстағаны үшін Астана қаласының екі саунасы мен 1 массаж салонының әкімшілерін қылмыстық жауапкершілікке тартты.

«Рейд шарасын өткізу барысында ақылы қызмет көрсеткен 30 бойжеткен полицияға жеткізілді. 8 адамға қатысты тіркеусіз немесе құжатсыз жүрген, жеке бас куәлігінсіз жүргені үшін ҚР ӘҚБтК 492-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тыныштықты бұзғаны үшін 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысу үшін әдейі нысанын бергені үшін екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.

Соңғы жаңалықтар