Астанада Жеңістің 77 жылдығына орай отшашу ұйымдастырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда 9 мамыр - Жеңіс күніне орай мерекелік отшашу болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана уақытымен тұп-тура сағат 22:00 кезінде Жеңіс күні құрметіне Есіл өзені жағалауында отшашу атылды.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Жеңістің 77 жылдығына арналған отшашу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған.

Салтанатты рәсім 10-12 минутқа созылды, атылған отшашу көлемі - 3 мыңнан кем емес.

Еске сала кетейік, мұның алдында Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы 7 және 9 мамыр күндері мерекелік отшашу өткізілмейтінін айтқан болатын. Дегенмен, осыдан екі күн бұрын қалалық әкімдік шешімін өзгертті.

9 мамыр күні қалада сондай-ақ концерт, қойылым түріндегі түрлі онлайн және офлайн іс-шаралар өтті.

Мәселен, Студенттер саябағында ардагерлер мен қала тұрғындарына арналған концерт ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, майдангерлерді еске алуға арналған «Жеңімпаздар. Батырларға тағзым» онлайн-акциясы өтті.

Жеңіс мерекесін атап өту күндері дәстүрлі түрде соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, қоғамдық және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Отан ана» монументіне және соғыс батырлары – Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және өзге де батырлардың ескерткішіне гүл дестесін қою рәсімі болды.

Ал 10 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Жеңіс күніне арналған «Біз Жеңістің ұрпағымыз!» атты лекцияға қосылуға шақырады.

Астаналық цирк мереке құрметіне көрермендер үшін арнайы цирк бағдарламасын дайындады.



Соңғы жаңалықтар