Астанада жеңіл көлік мүгедек адамды қағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Жеңіс даңғылында адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды.

Оқиға 30 тамыз күні 22:00 шамасында болған, деп жазады Kazpravda.kz.

Сыртқы бақылау камерасы жеңіл көліктің жоғары жылдамдықпен келе жатып, аяғында протезі бар кісіні қағып кеткенін түсіріп алған. Адамды қағып кеткен соң, көлік жол жиегіндегі металл қоршауға соғылған.

Жол апаты жөндеу жұмыстары жүріп жатқан ғимараттың маңында болған. Жұмыс жүріп жатқан аумақ қоршауға алынған, осы себепті жаяу жүргіншілер жолды көлік жүретін тұстан кесіп өтуге мәжбүр болған. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын ескерту белгілері болмаған.

«Toyota Aristo көлігі соғып кеткен 42 жастағы жүргінші ауруханада қайтыс болды. 29 жастағы жүргізуші ЖКО болған жерден медициналық мекемеге жеткізіліп, сол жерден үйіне жіберілді», - деп хабарлайды қалалық ІІД.

Қазіргі сәтте факт бойынша тергеушілер ҚР ҚК 345 бабының (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар