Астанада жеңіл атлеттерге арналған жабық кешен салынып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Елбасының жеке тапсырмасы бойынша жаңа жабық кешендегі жеңіл атлетика манежі салып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Астанада ҚР жеңіл атлетика федерациясының кезектен тыс өткен конференциясы барысында федерация президенті Әділбек Жақсыбеков мәлім еткен.

Федерациясының ресми сайты таратқан мәліметтерге сүйенсек, жиналыста «Астанадағы жаңа жабық кешендегі жеңіл атлетика манежін Елбасының жеке тапсырмасы бойынша «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры салып жатыр. Жоспар бойынша 2019 жылға құрлыс жұмыстары аяқталуы тиіс. Манеж 7 мың көрерменге арналған. Астана мен Алматыда екі манеж тұрғызып алсақ, кез келген халықаралық жарыстарды өткізе беруге болады», - деп атап өткен Әділбек Жақсыбеков.
null 

Сондай-ақ, федерация президенті алдымен кәсіпқой спорттың қажет екенін, сонда барып, бұқаралық спортты да дамытуға болатынын атап өткен.

«Егер кәсіби спорт болмаса, адамдарды спортқа тарту қиын. Яғни, ол кезде бұқаралық спорт та  дамымайды. Әлбетте сайысқа түсетін жас спортшылар қажет. Сондықтан бізге кәсіпқой керек. Басты мақсат - алға жылжу.  Манеж жұмыстары 2019 жылдан кешіктірілмей аяқталуы тиіс, - дейді Әділбек Рыскелдіұлы.

Соңғы жаңалықтар