Астанада жеңіл атлетикадан Азия чемпиондары марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жеңіл атлетикадан Үндістанда өткен Азия чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жеңіл атлетикадан биылғы Азия чемпионаты 6-9 шілде аралығында Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен болатын. Ол жарысқа Азияның 43 елінен 800-ден астам спортшы қатысқан. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте Үндістан мен Қытайдан кейінгі үшінші орынға ие болды. Жерлестеріміз 4 алтын, 2 күміс, 2 қола жеңіп алды.

«Еліміздің намысын халықаралық аренада абыроймен қорғаған барлық спортшыларға федерация басшылығының атынан алғыс білдіремін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы арқасында спортшыларымыз биік белестерді бағындырып келеді. Енді тамызда Лондонда Әлем чемпионаты өтеді. Дүниежүзінің мықтылары бас қосатын жарыста өнер көрсететін атлеттерге сәттілік тілеймін. Бұл марапатымыздың соңы болмас деген үміттемін», - деді Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков.

Өз кезегінде Арыстанбек Мұхамедиұлы спортшыларды жеңіске жетелеген жаттықтырушылар құрамына алғыс білдірді.

Екі алтын жүлдеге әйелдер арасында 100 және 200 метрге жүгіруден Виктория Зябкина қол жеткізді. Тағы бір алтынды үш қарғып секіру сайысынан Мария Овчинникова алыды. Одан бөлек құрамында Светлана Голендова, Рима Кашафутдинова, Виктория Зябкина және Ольга Сафронова бар 4х100 метрге эстафеталық жүгіруден әйелдер құрамасы топ жарды. Сафронова сонымен қатар 100 метрде күміс, 200 метрде қола медальға ие болды. Ирина Эктова үш қарғып секіруден күміс жүлдені, ал ерлер арасынан жалғыз қола медальды ядро серпуші Иван Иванов еншіледі. Сондай-ақ спорттық жүрістен Азия чемпионаты 19 наурызда Жапонияның Номи қаласында жеке өткізілді. Оған 27 жастағы қазақстандық атлет Георгий Шейко қатысып, күміс жүлдеге қол жеткізген еді.

Осылайша, Азия чемпионатынан биылғы маусымда қазақстандық атлеттер жалпы саны 9 медаль жеңіп алды. Топ жарған спортшыларға ақшалай сыйақы табысталды.

1

3

4

5

6

11

10

Соңғы жаңалықтар