Астанада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылдың 10-12 ақпаны аралығында Астанада жеңіл атлетикадан 10-шы Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімдік ақпаратына сәйкес, жарыс «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінің ғимаратында өтеді.

«Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембек алдағы чемпионатқа дайындық барысын талқылады. Кездесуде Астанада жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін ашу мәселесі де көтерілді», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Мұнымен қоса, биыл желтоқсанда жеңіл атлетикадан Амин Тұяқов атындағы халықаралық турнир ұйымдастырылады.

Қоса кетейік, таяуда Кувейтте өткен Азия чемпионатында қазақстандық жеңіл атлеттер Арина Гладышева мен Сабрина Арзиева – алтын, Анастасия Колода – күміс, ал Айбол Омар қола медаль жеңіп алған еді.




Фото: әкімдіктің баспасөз қызметі





Соңғы жаңалықтар