Астанада жеңгетайлықпен айналысқан үш хауыздың әкімшісі ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада адамдарды сексуалдық және еңбекке тарту мақсатымен сату фактілерін анықтау, жолын кесу және болдырмау бойынша жедел-алдын алу шарасы өткізілді, деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

ІІД ҰҚҚКБ-ның қызметкерлері жедел-алдын алу шарасын өткізу барысында пайдакүнемдік мақсатпен клиенттерді ақылы интимдік қызметтер көрсететін бойжеткендермен жолықтырып, сол үшін ақша алған үш хауыздың әкімшісін анықтап, ұстады.

Осылайша, 23 қарашада хауыздың 28 жастағы әкімшісі клиентті 1986 жылғы Ш. Есімді азаматшамен жолықтырып, сол үшін бес мың теңге көлемінде ақша алған.

Аталған фактілер ҚР ҚК-нің 309-бабы (жезөкшелікпен айналысу үшін қордалар ұйымдастырып, ұстау және жеңгетайлық) бойынша сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктілердің кінәсі дәлелденді.

Бұдан басқа, кәмелеттік жасқа жетпеген 1998 жылғы азаматша А-ны жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі анықталды. Әлеуметтік педагогтың көзінше ол полицияға шағымданып, өзін қорқыту жолымен жезөкшелікпен айналысуға тартқан азамат К-ға қатысты өтініш жазған. Бұл факт ҚР ҚК-нің 134-бабының 1-тармағы (кәмелеттік жасқа жетпегенді жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Бұл қылмысты жасағаны үшін хауыз иесі болып табылатын 1967 жылғы К. есімді азамат ұсталды. Ол сондай-ақ 1995 жылғы азаматшаны қорқыту жолымен жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша күдікті деп танылды. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 308-бабының 1-тармағы (жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сот алдындағы тергеу амалдары басталды.

Астана қаласында жедел-алдын алу шарасын өткізу уақытынша интимдік қызметтер көрсететін 30 адам жеткізілді, соның ішінде төртеуі Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің азаматтары.

Жеткізілгендердің барлығы есепке алынды.

Соңғы жаңалықтар