Астанада жемқорлыққа қарсы тұңғыш республикалық ақындар айтысы өтеді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті жемқорлық тақырыбында ақындар айтысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғам мен азаматтық жауапкершілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті дәріптеген ерекше айтыс І.Омаров атындағы қазақ драма театрында ұйымдастырылды.

Агенттіктің облыстық департаменті басшысы Салауат Мүксімовтің айтуынша, бұл бастаманы Алик Шпекбаев қуана қолдаған.

«Қазіргі мемлекеттік саясаттың күн тәртібінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі тұр. Қазір біз жемқорлықпен күресуге барынша күш жұмылдырып жатырмыз. Сондықтан бұл шара бұқаралық сипатқа ие болуы керек. Бүгінгі айтыстың басты мақсаты - аузы дуалы ақындардың өткір жыры арқылы қоғамға ой тастау», - деді облыстық департаменттің басшысы.

Өнер сайысын тамашалауға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Арман Бердалин келді.

«Ақындар қашанда ақиқатты ашып, шындықты шырылдатып жеткізеді. Осы бір-екі күнде Астанада халықаралық айтыс болайын деп жатыр. Ол жерде де кілең «сен тұр, мен атайын» дейтін ақындар жиналып, қазіргі қоғамда болып жатқан нағыз өзекті мәселелерді қозғағалы отыр. Ал қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселе - бүгінгі айтысқа арқау болып отырған сыбайлас жемқорлық. Жалпы, жемқорлық тақырыбында бірінші айтысты Қостанайдан бастап отырмыз. Себебі,бұл өлкеден екі бірдей халық ақыны шықты. Алдағы уақытта Астанада жемқорлыққа қарсы республикалық айтыс өткіземіз» - деді Арман Бердалин.  
null 

 Сонымен, айтысқа Салтанат Өтелбаева, Марғұлан Оспанов, Мамай Ізтелеу, Әсем Қажи сынды ақындар қатысты. Ақындар емхана, балабақша, білім ошақтары сияқты әлеуметтік салаларда белең алып тұрған жең ұшынан жалғасу мен «көз қысты, бармақ басты» тамыр-таныстықты сөз етті.

Өлеңдерімен жемқор шенеуніктерді шеней отырып, қоғамдық кеселге қарсы қауқар таныта алмай отырған халықты сынады. Арман Бердалин айтқандай, айтыскерлердің көздеген мақсаты жеңіске жетіп, жүлде алу емес,  жемқорлыққа қарсы үндеу тастап, көпшілікті қоғамдық індетке қарсы ымырасыз күреске шақыру болды. 

null 

Соңғы жаңалықтар