Астанада жекпе-жектен халықаралық турнир өтіп жатыр

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Жекпе-жектен өтіп жатқан халықаралық турнирге 4 мемлекеттен барлығы 19 команда қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Боз кілемде 150-ден астам жекпе-жек шеберлері 9 түрлі салмақ көрсеткіші бойынша күш сынасуда. 

Халықаралық турнирге өз елімізбен қатар, Ресейдің Ұлттық ұланы, Қытайдың Халықтық қаруланған полициясымен қатар, алғаш рет Өзбекстан Ұлттық ұланы қатысып отыр. 

null«Жарыс жеке-командалық, топтарға бөліну жүйесі, олимпиадалық жүйе болып бірнеше түрге бөлінеді. Қатысушылардың жеке нәтижелері мен орындары өздерінің салмақ санаттарына байланысты анықталады. Командалық есепте қатысушы жеңімпаздар есебінен орын алған ұпай мөлшері бойынша анықталады. Жеңімпаз команда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының кубогымен, диплом және бағалы сыйлықпен марапатталады», - дейді полковник, ҚР Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысының спорт және дене шынықтыру қызметінің басшысы Жанболат Ахметов.

nullОсымен 4-ші рет ұйымдастырылып отырған жекпе-жек турнирі әскери қолданбалы спорт түрін насихаттай отырып, оны одан әрі дамыту және халықаралық деңгейдегі спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасу, халықаралық байланысты нығайту мақсатын көздейді. Сол сияқты қоғамды салауатты өмір салтын ұстануға үндеп, жастарды патриоттыққа тәрбиелеумен қатар, төрешілердің де кәсібилігін арттырады. Ең бастысы, Ұлттық ұланның спорттық командасын жасақтау жолында кіл мықтыларды анықтайды. 

Екі күн бойы «Дәулет» спорт кешенінде өтетін айтулы шара Астана қаласының 20 жылдығына арналып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Оған сондай-ақ, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы және қазақстандық Жекпе-жек сайысы федерациясы қолдау көрсетіп отыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры - 1 млн теңге.  

Соңғы жаңалықтар