Астанада жедел жәрдемнің жол жүру уақыты 30% қысқарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада жедел жәрдем қызметінің жол жүру уақыты 30%-ға қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында City Transportation Systems компаниясы мәлімет таратты.

Оған сенсек, «жасыл дәліз» жобасы іске қосылған сәттен бастап реанимобильдерге 144 сүйемелдеу жүзеге асқан.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың наурыз айынан бастап CTS елордада жедел жәрдем бригадаларын сүйемелдеу жобасын жүзеге асырып жатыр.

Реанимобильдерде интеллектуалды тасымалдау жүйесін (ITS) біріктірілетін арнайы жабдық орнатылған.

Бұл қондырғы көше қиылысына жақындағанда бағдаршаммен байланыс орнатып, жасыл шам жанады.


Соңғы жаңалықтар