Астанада жауынгер аруларға арналған фотокөрме ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Әскери-тарихи мұражайда «Қазақстан тарихындағы әйелдер есімдері - соғыстағы арулар» фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көрменің негізгі мақсаты - қайталанбас ерлігімен, соғыс кезіндегі қайтпас қайсарлығымен тарихта қалған нәзік жандарға құрмет көрсету, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім ұялатып, Отанға деген мақтанышын қалыптастыру. Барлық кезеңдерде батыл да ержүрек әйелдер ерлермен бірге иық тіресе жүріп, Ұлы даланы қорғап қалуға атсалысты. Осылайша Қазақстан тарихында өздерінің өшпес ізін қалдырды. Ержүрек әйелдер мен қыздарымыз: Томирис, Зарина, Бопай ханша, Айбике ару, Гауһар батыр, Назым, Ақбикеш, Сапура батыр «Көктемір», Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова, Акима Ақжолова, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова және тағы басқалар», - дейді Қорғаныс министрлігі өкілдері.

Қала тұрғындары мен қонақтары аталған көрмені бір ай бойы күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықта Астана қаласы, Республика даңғылы мекенжайында орналасқан Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Әскери-тарихи мұражайында тамашалай алады. Кіру тегін.

Соңғы жаңалықтар