Астанада жатақханадағы өрттен зардап шеккендердің жағдайы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі қаладағы жатақханалардың бірінде өрт кезінде зардап шеккендер жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше түнде ауруxанаға түскен төрт баланың екеуінің бүгінде жағдайы қалыпқа келіп, үйлеріне жіберілді. Қалған екі бүлдіршіннің жағдайы орташа. Дәрігерлер тағы бір күн денсаулықтарын байқау үшін ауруxанада қалдырды. Өмірлеріне қауіп жоқ», - деді елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Еске сала кетсек, 9 ақпанда түнге қарай Байқоңыр ауданындағы Ойыл көшесінде орналасқан екі қабатты жатақхана өртенген.

Соңғы жаңалықтар