Астанада жатақхана өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жатақхана өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаланың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Күлтегін көшесінің бойындағы үйде орналасқан жатақханада өрт шыққаны туралы ақпарат «101-ге» сағат 16:25-те келіп түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде екі қабатты ғимарат шатырының ағаш конструкциялары жанып жатқан.

«Бастапқы мәлімет бойынша, жалын 250 шаршы метр ауданды шарпыған. Күшті жел жұмысты қиындатты. Бірақ құтқарушылар өртті жылдам ауыздықтап, жалынның көрші ғимараттарға өтіп кетуіне жол бермеді», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Өрт сағат 17:03-те толықтай сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар