Астанада «Жастар» театры жанып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Жастар» театрынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданында орналасқан театрда өрт бүгін сағат 16.58-де басталған.

«Есенберлин, 10 көшесіндегі үшқабатты «Жастар» театрының шатыры жанып жатыр. Жалын шарпыған аумақ алдын ала болжам бойынша 50  шаршы метрді құрайды», - деді ресми өкіл.

Атап өтілгендей, адамдардың эвакуациясы жүргізілмеген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жаумен күрес жалғасуда. Оқиға орнында 16 техника мен 60 өрт сөндіруші жұмыс істеуде.

null «Өртті ауыздықтау және жалынның одан әрі таралмауы үшін шұғыл шаралар қолға алынуда», - деп атап өтті Р.Иманқұлов.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар комитеті «Жастар» театрын қою түтін басқаны туралы хабар түскенін мәлім еткен болатын. Оқиға орнына алдымен 40 адам мен 10 техника аттандырылды. Бірақ құтқарушылар ашық жалынды байқамаған. Кейін мән-жәйды анықтау үшін ғимарт ішін шолуға кіріскен. 

Соңғы жаңалықтар