Астанада жасөспірімдер түн ішінде ойын клубында жүрген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада түн ішінде ойын клубында жүрген 6 жасөспірім анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Нұр-Сұлтан қалалық ПД «Сарыарқа« аудандық ювеналды полициясының қызметкерлері сағат 23:36-да Есенберлин көшесі бойындағы «Джакс« ойын клубын тексеру барысында 14-17 жастағы 6 жасөспірімді анықтады. Олардың ата-аналары балаларын қараусыз жібергені үшін түн ортасында мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне келуге мәжбүр болды», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Департамент мәліметінше, жасөспірімдердің заңды өкілдеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 442-бабы 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сондай-ақ алдағы уақытта мұндай келесіздіктерге жол бермеуге кеңес берілді. Ал ойын клубының әкімшісіне қатысты қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 132-бабымен әкімшілік іс қозғалды. Клуб әкімшісіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері қаладағы ойын клубтарында түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз жүрген 100-ден астам жасөспірім ұсталған. Олардың барлығы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегін қайдан көруге болады
- Түлкібас ауданында карантин режимі жыл басынан бері 258 рет бұзылған
- Елордада өткен жылы 7 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді - әкімдік
- 23 қаңтар күнгі ауа райы болжамы
-
«Томирис» фильміндегі каскадерлер әлемдегі ең беделді сыйлыққа ие болды
-
Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам