Астанада жас жігіт 24-қабаттан секіріп кетті

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 18 жастағы жігіт суицид жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

31 қазан күні Есіл ауданының полиция басқармасына Қабанбай батыр даңғылынан сағат 19.30 шамасында белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру келіп түсті.

Тексеру барысында аталған факті расталды.

Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады.

Ол 24-ші қабаттан секірген 18 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.



Соңғы жаңалықтар