Астанада жас дарындардың шығармашылық кеші өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық музейінде «Мен жастарға сенемін» атты жас дарындардың шығармашылық кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара Ұлттық музейдің 5 жылдығына орай және Жастар жылының аясында ұйымдастырылды. Астананың және Қарағанды қаласының бірқатар жоғарғы оқу орындары мен колледждерінен жиналған талантты жастар бас қосып, өздерінің өнерлерін ортаға салды.

Шараның басты мақсаты - ұлттық кодтың негізі ретінде танылатын мәдени мұралар мен құндылықтарды кеңінен насихаттау, қоғамның маңызды бөлігін құрайтын креативті жастардың басын біріктіру.

Шараның ашылуында сөз алған Ұлттық музей директорының орынбасары Абай Сатыбалдин тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі ертеңгі үмітіміз деп атап өтті.

«Жастар - кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі - жастар екенін естен шығармаған абзал.

Бүгінгі күнің жастары - білікті, рухани әлемі бай, ой-сезімі сергек, жаңашыл жастар», - деді Абай Сатыбалдин.
null

Іс-шара барысында Қазақ ұлттық хореография академиясының «Педагогика» кафедрасының 1-курс студенттері Даяна Рахмет, Рустам Карев, Жанна Наурызбаева, Мадияр Мусаифов Айнұр, Әшімова, Эдвард Гаранин «Жастар вальсін» тарту етті. Академия студенттері Латвия, Ресей, Қытайдағы бірнеше халықаралық би турнирінің лауреаты.
null

«Жастар вальсін» белгілі хореограф Е. Моисеев Жастар жылына арнайы қойды. Бидегі хореография қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың бірнеше әуеніне негізделіп, ұлттық би өнерінің қимыл-қозғалыстары мен заманауи бал билерінің синтезі болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақ ұлттық өнер университеті Меруерт Өтекешеваның шеберханасы студенттерінің орындауында поэзия мен әннен құралған «Мен қазақпын» атты композиция қойылды.

Еуразия гуманитарлық институты студенттерінің домбырашылар тобы «Күмбірле» қазақтың күйлерінен попурри орындап, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Шаңырақ» ұйымының мүшесі Ерзат Жұмабеков Иса Байзақовтың «Желдірмесін» шертті.

null null null null

Соңғы жаңалықтар