Астанада жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың 20 жылдығына арналған «Жас ақын» жыр мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Байқау ережесіне сәйкес, жас ақындар «Астана - жастар жүрегінде», «Астана - жиырмадағы жас қала» және еркін тақырыпта өз туындыларын жіберді.

Қазылар алқасының төрағасы, ақын Несіпбек Айтұлы:

«Елбасы келесі жылды Жастар жылы деп жариялады. Президентіміздің ойын алдын ала болжағандай, Қоғамдық даму істері басқармасы жас ақындар мүшәйрасын өткізген екен. Байқауға келіп түскен 400-ге жуық ақынның өлеңдерін қарадық, олардың арасынан үздік 30 баланы іріктедік. Отыз ақынның арасынан 10 ақынды Астанаға шақырып отырмыз. Қалған 300 ақын да жаман емес. Қазақ барда, қазақтың тілі барда қазақтың әдебиеті өлмейді. Адам ұрпағымен мың жасайды. Мемлекет те солай. Мемлекетіміздің болашағы - жастардың қолында», - деді Несіпбек Айтұлы.null 

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жас ақындар мүшәйрасына қатысуға 400-ге жуық жас ақын өтінім берген. Олардың арасынан іріктелген отыз ақынның өлеңі арнайы жинақ болып жарық көреді.

Ал ақтық сынға өткен 10 ақын Астанаға шақырылып, марапатқа ие болды. Атап айтқанда,  төрт ақын - Нөсерхан Шуақ, Салқынбек Жәнібек, Құрбанкүл Молдабекқызы және Қалижан Еркеназ ынталандыру сыйлығы мен 50 мың теңге сыйақы алды.

Тағы бір ақындар тобы - Ақылжан Нағашыбай, Медет Божан және Әйгерім Көкеева үшінші орын мен 100 мың теңге сыйақыны иеленді. Сәйкесінше, екінші орын мен 200 мың теңге сыйақыны екі ақын жеңіп алды, олар - Оразай Жеңісұлы мен Абай Ораз. Ал бірінші орын мен 300 мың теңге жүлдеге шығысқазақстандық Дания Сәтбекқызы лайық деп танылды.

«Мен Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік  педагогикалық институтында инфографика мамандығында оқимын. Бұл мүшәйраға күтпеген жерден қатыстым деуге болады. Ұстазым Айбек Қалиев хабарландыруды көрсетті және екі күн қалғанда Астана туралы ең жақсы өлеңімді жібердім. Үздік отыз ақынның қатарына енгенде қатты қуанып, осы да жетеді деп ойладым. Үздік ондыққа еніп, бірінші орын аламын деп күтпедім», - дейді Д. Сәтбекқызы.null 

Еске сала кетсек,  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды.

«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар