Астанада жәрмеңке: Алдағы демалыс күндері Түркістан облысының өнімдері сатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы биылғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі маусымын 23-24 маусым күндері Түркістан облысы ашады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап. 

Қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы жәрмеңкесі маусымның 23-24 күндері «Қазақстан» спорт кешенінің тұрақ аймағында өткізіледі.

«Жәрмеңкеге 50 астам ауылшаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 122,8 млн теңге 286 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері, оның ішінде: ет  және ет өнімдері - 65  тонна, көкөніс - 101  тонна, сүт өнімдері - 18 тонна, жеміс-жидек - 23 тонна, жұмыртқа - 20,0 мың дана,  балық - 6 тонна, бал - 5 тонна, кептірілген жеміс - 5 тонна, түрлі консервілер - 4 тонна және 41 тонна басқа да өнімдер сату жоспарланып отыр», - деді басқармада. 

Биыл елордада ел өңірлерінің қатысуымен 20-дан астам ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу көзделіп отыр.

«Елорда тұрғындарының азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасау үшін жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері өткізіледі. Ондағы тауар бағасы қала базарларындағы бағадан 10-15% төмен болады», - деді Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында. 

Астананың 20 жылдығы аясында Түркістан облысының қатысуымен елордада 5 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. 

«Осы аралықта оңтүстіктің шаруалары елордаға 14 753 тоннаны құрайтын  ауыл шаруашылығы өнімдерінің 28 түрін жөнелтеді. Бұл мақсатта облыстан 35 ірі және қосалқы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындары іріктеліп, дайындық жұмыстары күшейтілуде», - делінген облыс әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар