Астанада және Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

25 наурызда Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Павлодар облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіне де тұман түседі.

СҚО-да оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел есіп, күндіз екпіні 15-20 м/с.


Соңғы жаңалықтар