Астанада және Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында және Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

23 маусым күні күндіз елордада найзағай жарқылдап, батыстан секундына жылдамдығы 15 метр жел соғуы ықтимал.

Сондай-ақ, 23 маусым күні Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін, бұршақ жаууы ықтимал, батыстан соққан желдің жылдамдығы  15-20 метрге жетуі мүмкін. Дауыл тұру ықтималдылығы - 80-85%.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар